Бізге жазыңыз

Қалай дилер болуға болады?

«Subaru Kazakhstan» ЖШС – Subaru брендінің Қазақстандағы эксклюзивті дистрибьюторы – Сіздің қалаңызда дилерлік орталық ашу бойынша серіктестік мүмкіндігін қарастыруды ұсынады. Біздің барлық серіктестеріміз Subaru брендінің стандарттарына сәйкес жұмыс істейді, бұл жоғары сапалы сервисті тұрақты түрде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта ынтымақтастыққа арналған ұсыныстар Қарағанды қаласы бойынша қабылданады.

Өтінімдерді қарастыру процедурасы:

1 кезең
Өтінімді толтыру және Дистрибьютор тарапынан 3 жұмыс күні ішінде қарастырады. Дистрибьютор қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі мен мерзімдері көрсетілген тендер жариялайды. Кандидаттардың қысқа тізімін (short list) қалыптастырады.

2 кезең
Шешімді Дистрибьюторлық комитет қабылдайды, ол кандидаттың брендтің негізгі минималды талаптарына сәйкестігіне негізделеді. Конкурсқа қатысушылардың барлығына жауап беріледі және келесі қадамдардың тәртібі түсіндіріледі.

Барлық сұрақтар бойынша «Subaru Kazakhstan» ЖШС дилерлік желіні дамыту департаментінің электрондық мекенжайы арқылы хабарласуға болады d.appaz@subaru.kz 

Дилер болу үшін келесі критерийлерді ескеру қажет:

  • Автомобиль бизнесіндегі жұмыс тәжірибесі;
  • Қаржылық жағдайының тұрақтылығы;
  • Сауда залы, клиенттік және сервистік аймағы бар орталығының болуы;
  • Кәсіби ұжым;
  • Қаладағы халық санына байланысты дилерлік орталықтардың аумағы бойынша минималдық талаптар;

Егер Сіз Subaru Дилері болғыңыз келсе, өзіңіздің өтініміңізді жіберіңіз

icon icon icon icon icon

www.subaru.kz сайты cookie файлдарын пайдаланады. Осы сайтты пайдалана отырып, Сіз cookie файлдарын пайдалануға Саясат шарттарына сәйкес Сіздің дербес деректеріңізді өңдеуге келісім бересіз.

Егер келіспесеңіз, браузердегі баптауларды өзгертіп, cookie файлдарын пайдаланудан бас тарта аласыз.