Бізге жазыңыз

Сервис және кепілдік

Subaru автокөліктеріне ұсынылатын өндіруші зауыт кепілдігі
 
  • үш жыл немесе 100 мың км жүріп өткен жол (қайсысының бұрын болатынына байланысты).

Өндіруші зауыттың кепілдік міндеттемелері ТМД, Еуропа және Таяу Шығыстың келесі елдерінің аумағына Таралады.

Абу Даби (БАӘ), Австрия, Әзірбайжан, Бахрейн, Бельгия, Болгария, Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Грекия, Дания, Дубаи (БАӘ), Ирландия, Исландия, Испания, Италия, Катар, Кипр, Кувейт, Латвия, Литва, Лихтенштейн, Люксембург, Мальта, Нидерланд, Норвегия, Польша, Португалия, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Молдова Республикасы, Ресей Федерациясы, Румыния, Сербия және Черногория, Словакия, Словения, Түркия, Украина, Финляндия, Франция, Хорватия, Чехия, Швейцария, Швеция, Эстония.

Кепілдікті жөндеу құқығы бар тұлғалар:

  • «SUBARU KAZAKHSTAN» ЖШС ресми дилерлерінің автосалондарынан сатып алынған SUBARU автокөліктерінің иелері.
  • Автокөліктерін жоғарыда аталған елдердегі ресми дилерлердің автосалондарынан сатып алған, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және өз автокөліктерін пайдаланатын және осы аумақтағы дилерлік орталықтарда қызмет көрсетуді пайдаланатын SUBARU автокөліктерінің иелері.
  • Жоғарыда аталған елдердегі ресми дилерлердің автосалондарынан сатып алынған Subaru транзиттік автокөліктерінің иелеріне бастапқы тіркеу елі өзгеріссіз қалған жағдайда кепілдікті қызмет көрсетіледі.
 
Кепілдік талаптары
 
  1. Көлік иесінің кепілдікті сақтауға бағытталған іс-әрекеттері

    Кепілдікті сақтау үшін төмендегілерді орындауыңыз қажет:

    1.1 Автокөлігіңізді ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚТА көрсетілген ережелерді сақтай отырып пайдалану.

    1.2 Автокөлікке мерзімді техникалық қызмет көрсетуді тек SUBARU ресми ДИЛЕРІНДЕ белгіленген регламентке сәйкес жүргізу. Қызмет көрсету құны көлік иесінің шығындарына кіреді. Автокөлікке қызмет көрсету регламенті сақталмаған жағдайда көлік иесіне кепілдік, соның ішінде өтпелі және беткі коррозияға кепілдік беруден бас тартылады.

    1.3 Бұған дейін жүргізілген жұмыстар туралы барлық төлем құжаттарын сақтау, өйткені олар SUBARU ДИЛЕРІНЕ КЕПІЛДІК КІТАПШАСЫМЕН бірге ұсынылуы тиіс.

    1.4 Автокөлікті ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚТА көрсетілген мотор жанармайын пайдалану.

    1.5 Белгіленген сервисаралық жүрілген жол көлік иесін құю ыдыстарындағы май мен сұйықтық деңгейін жүйелі тексеріп отыру қажеттігінен босатпайды. Мұндай тексерулерді аптасына кемінде бір рет жүргізіңіз.

    1.6 Мотор майының төмендеуі қозғалтқыштың дұрыс жұмыс істемеуінің тікелей белгісі болып табылмайды. Әр кез автокөлікке жанармай құйғанда және шекті режимдерге жақын қарқынды қозғалыстардан кейін (қозғалтқыштың ең жоғары айналымдары, ең жоғары жылдамдықтар, тіркеме сүйреу және т.с.с.) мотор майының деңгейін тексеріп отырыңыз және қажет болса, SUBARU ресми ДИЛЕРІ ұсынған майды пайдаланып қосымша құйыңыз.

     Автокөлікті рұқсат етілген шектерге жақын режимдерде пайдаланылғаннан кейін оны тоқтатқан кезде қозғалтқышты бес минут бойы сөндірмей ұстаңыз.

    1.7 Лак-бояу жабынына кепілдікті, сондай-ақ нүктелі және өтпелі коррозияның болмауына кепілдікті сақтау үшін қажетті талаптар келесілер болып табылады: пайдалану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген барлық нұсқауларды сақтау, шанақты инспекциялық қарап тексеруден уақтылы өткізу және анықталған зақымдануларды көлік иесінің есебінен ресми дилерде дереу түзету. Инспекциялық тексерудің деректері  кепілдік  кітапшасында көрсетілуі тиіс.

  2. Кепілдік келесі жағдайларда қолданылмайды

    2.1 Белгіленген сервисаралық уақытты бұза отырып (рұқсат етілетін артық жүріс - 500 км-ден аспауы тиіс) автокөлікке мерзімді техникалық қызмет көрсетуді өткізіп алу немесе уақтылы өтпеу, сондай-ақ мерзімді техникалық қызмет көрсетудің толық көлемде жүргізілмеуі немесе дұрыс орындалмауы.

    2.2 Автокөлікті ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚТА көрсетілген пайдалану ережелерін бұзу.

    2.3 Subaru  автокөлігіне қатысты иесінің немесе үшінші тұлғалардың қасақана немесе абайсызда жасаған әрекеттері (оның ішінде электр қосылыстарын және т.с.с. зақымдау немесе ажырату).

    2.4 Автокөлікке енгізілетін кез келген қайта жабдықтау: қозғалтқыштың құрылысына өзгерістер енгізу, соның ішінде оның сипаттамаларын өзгерту мақсатында кез келген бөлшектерді өзгерту және құрылғыларды орнату; трансмиссия, аспа, тежеуіш жүйесі, шанақ және басқа да тораптар мен автокөлік жүйелері құрылысын кез келген жолмен ауыстыру және өзгерту, сондай-ақ өлшемі өндіруші зауыттың сипаттамасынан өзгеше шиналар мен дөңгелек дискілерін пайдалану.

    2.5 Түпнұсқа емес қосалқы бөлшектерді, тораптар мен агрегаттарды және материалдарды немесе Subaru автокөліктерінде пайдалануға ұсынылмаған материалдарды пайдалану.

    * «Subaru Kazakhstan» ЖШС Қазақстанға

    импорттаған және SUBARU дилерлері сатқан қосалқы бөлшектер, тораптар, агрегаттар мен материалдар түпнұсқа болып саналады.

    2.6 Автокөлікті төтенше жағдайларда, жарыс сипатындағы шараларда (жарыс, ралли, уақытқа сынау) пайдалану және т.с.с. пайдалану

    2.7  Кез келген сыртқы факторлардың, соның ішінде төмендегілерді қоса алғанда: жер сілкінісі, дауыл, су тасқыны, бұршақ, жаңбыр, найзағай, басқа да табиғи катаклизмдер секілді сұрапыл апаттардың, сондай-ақ бөлінген өнеркәсіптік немесе химиялық қалдықтардың, ауаның қышқылды және сілтілі ластануының, өсімдік шырынының, құстар мен жануарлардың тіршілік әрекеті өнімдерінің, жол тұзының, химиялық белсенді заттардың,, соның ішінде жол жабынының мұздануына қарсы күресу үшін пайдаланылатын заттардың, тастардың, құмның және басқа агрессивті сыртқы мән-жайлардың әсерінен туындаған ақаулар, бұзылулар немесе коррозия.

    2.8 Жол-көлік оқиғаларының, кедергілерге соқтығысудың нәтижесіндегі, жол төсеміндегі ақаулардың салдарынан болған зақымдар.

    2.9 Бөлшектердің табиғи тозуының (тежеуіш жүйесі: дискілер мен қыспақтар; аспалар: иінтіректердің сайлент-блоктары, тұрақтандырғыштардың бөлшектері, амортизаторлар, шарлы тіректері; автокөліктің басқа жүйелерінің бөлшектері) салдарынан туындаған зақымдану, ақаулықтар немесе сипаттамаларының нашарлауы. Лак-бояу жабынының, сыртқы және ішкі әрлеу бөлшектерінің табиғи тозуы, түсінің өзгеруі, өңін жоғалтуы немесе күнге күйіп кетуі, ескіруі, сондай-ақ олардың ластануы, сырылуы және деформациясы. Табиғи тозу — белгіленген барлық жобалау, өндіру және пайдалану ережелері мен нормалары сақталған жағдайдағы қалыпты ескіру, тозу, коррозия және шаршау процесі.

    2.10 Қалыпты, автокөліктің жұмыс қабілеттілігіне әсер етпейтін шуылдарға, сықырлау, соққылау, гуіл дыбыстарына, дірілге, жұлқуға шағымдар

    2.11 Материалдық залал келтіруге әкеп соққан және ақаулықты уақытылы жою үшін көлік иесінің SUBARU ДИЛЕРІНІҢ техникалық көмегіне уақтылы жүгінбеуінің салдары болып табылатын кез келген зақымданулар мен ақаулар.

    2.12 Қозғалтқыштың және отын жүйесінің бөгде сұйықтықтардың немесе басқа да ластаушы заттардың кіруінен туындаған кез келген зақымданулары мен ақаулары.

    2.13 Дөңгелектерді теңгеруді, дөңгелектерді орнату бұрыштарын реттеуді, қозғалтқыштың реттеулерін түзетуді, фаралар жарығының бағытын реттеуді, мерзімді ауыстырылуы тиіс қосалқы бөлшектерді ауыстыруды қамтитын (бірақ олармен шектелмейтін) техникалық қызмет көрсетуді жүргізуге байланысты жұмыстар.

    2.14 Тек иесінің қалауы бойынша ғана жүргізілген диагностика, реттеу және қосалқы бөлшектерді, тораптарды және агрегаттарды ауыстыру бойынша жөндеу жұмыстары.

  3. Белгіленген регламентке сәйкес автокөлікке мерзімді техникалық қызмет көрсету құны кепілдікпен өтелмейді.  Еңбек шығындары бойынша жұмыстардың, пайдалану және шығыс материалдарының, қызмет ету мерзімі шектеулі ауыспалы бұйымдардың (мысалы, оталдыру білтелері, жанармай және май сүзгілері) төлемақысын автокөлік иесі жүргізеді.
  4. Кепілдік көлік құралының пайда болған ақауларымен жанама түрде байланысты, бірақ кепілдік міндеттемелеріне тікелей қосылмаған көлік иесінің шығындарына таралмайды.
    Мұндай жағдайларға, мысалы, мыналар кіреді: ақаулы автокөлікті сүйрету және сақтау, тамақтану мен қонақ үйге орналастыру, телефон қоңырауларының, пошта байланысының және автокөліктің бұзылуына байланысты көлік иесінің көтеретін басқа да шығыстары; адамдардың жарақаттануына байланысты шығыстардың өтелімі, сондай-ақ мүліктің бүлінуіне немесе жойылуына байланысты материалдық залалдың өтелімі; жоғалған уақыттың, жоғалған коммерциялық пайданың өтелімі, сондай-ақ істен шыққан автокөліктің кепілдік жөндеуде болу уақытындағы басқа автокөлікті жалға алу құнының өтелімі.
  5. Ресми дилер «Subaru Kazakhstan» ЖШС автокөлікке кепілдікті жөндеу жүргізген кезде ақаулықтарды жоюға қажетті жұмыс көлемін мен түзету тәсілін өз бетінше анықтау құқығын өзіне қалдырады.
  6. Автокөліктен шешіп алынған және кепілдік бойынша ауыстырылған барлық ақаулы тораптар мен бөлшектер «Subaru Kazakhstan» ЖШС-нің меншігіне айналады.
  7. Кепілдік жөндеу жүргізілген кезде автокөлікке орнатылған барлық бөлшектер мен тораптарға автокөліктің кепілдік мерзімінің қалған бөлігіне кепілдік беріледі.
 

 

Қосалқы бөлшектерге ұсынылатын кепілдік міндеттемелердің көлемі

svg Түпнұсқа бөлшектер мен керек-жарақтар

Алты (6) ай немесе 10 мың км жүріп өткен жол, төменде көрсетілген сәттен бастап қайсысының бұрын орын алуына байланысты:

- Subaru ресми дилерінен ақылы негізде бөлшектерді/керек-жарақтарды сатып алу және орнату.

- Бөлшек немесе керек-жарақ орнатылған автокөлікті бөлшек сауда арқылы сату.

svg Ескертпе

Кепілдік жаңа автокөліктің кемшіліктерін кепілдік бойынша жойған кезде, жиынтықтаушы өнімді немесе негізгі тауардың құрамдас бөлігін ауыстыру жағдайларын қоспағанда, түпнұсқа қосалқы бөлшектер мен аксессуарларға таралады.

*Суреттердегі автокөліктер Қазақстан нарығында ұсынылғандардан өзгеше болуы мүмкін.

 

Кепілдіктің арнайы талаптары

Төменде көрсетілген элементтердің кепілдік бойынша шектеулері бар:

- Мультимедиалық құрылғылар, шиналар, аккумулятор батареясы – жүрілген жол бойынша шектеулерсіз автокөліктің сатылу күнінен бастап 1 жыл;

- Қосалқы бөлшектер мен керек-жарақтарға кепілдікті оларды сатқан ресми дилерлік орталық қана ұсынады. Толығырақ мәліметті өз қалаңыздағы Дилерден анықтау қажет.

Төменде көрсетілген элементтер Кепілдік шарттарына кірмейді:

Шығыс және майлау материалдары, пайдаланылып жатқан немесе пайдаланған кезде тозуға және бұзылуға бейім өзге де элементтер:

  • ауа сүзгісі;
  • май сүзгісі;
  • жанармай сүзгісі;
  • жетек белдіктері;
  • оталдыру білтелері;
  • ілінісу дискілері;
  • дөңгелек дискілері;
  • тежеуіш қыспақтары;
  • тежеуіш дискілері және барабандары;
  • әйнектазалағыштардың щеткалары;
  • балқығыш сақтандырғыштар;
  • шамдардың барлық түрлері;
  • электр қозғалтқыштардың щеткалары;
  • мотор майы
  • трансмиссиялық май
  • ATF майлары
  • вариатор сұйықтығы
  • тежеуіш сұйықтығы
  • салқындатқыш сұйықтық
  • жағармай
  • әйнекжуғыш сұйықтық
  • электролит
  • бензин
  • кондиционер салқындатқышы
  • басқа майлау материалдары.
icon icon icon icon icon