Бізге жазыңыз

Техникалық қызмет көрсету

«Subaru» автокөлігі ең жоғары стандарттарға сәйкес келеді және зауыт аумағынан шыққанға дейін толықтай тексеріледі, бұл оның ұзақ мерзімді және үздіксіз жұмыс істеуіне кепілдік береді. 

Автокөлікке қызмет көрсетуде және жөндеуде мамандар маңызды рөл атқарады. Дилерлік компаниялардың қызметкерлері тиісті оқытуларға үнемі қатысып жүреді, бұл оларға Subaru автокөліктеріне қызмет көрсету бойынша қажетті жұмыстарды сапалы түрде орындауға мүмкіндік береді.

Subaru ресми дилері өндіруші белгілеген сапалы сервистік қызмет көрсетудің және автокөлікті техникалық жарамды күйде сақтаудың толық технологиясына ие, ол мыналарды қамтиды:

  • Subaru сканері және автокөлікті сапалы әрі дұрыс жөндеуге және жүріс бөлігі мен қозғалтқыштарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу жұмыстарын орындауға арналған арнайы құрал,
  • дөңгелектердің құлау/түйісу бұрышын реттеу, бөлшектеу және теңгеру стендтері,
  • бензиндік қозғалтқыштар жүйесінің жұмысын тексеруге арналған диагностикалық жабдық, электриктердің жабдықталған жұмыс орындары,
  • апатта болған автокөліктердің зақымдалған шанақтарының геометриясын қалпына келтіруге және тексеруге арналған стапель,
  • автокөлік шанақтарын бояуға арналған бояу камерасы,
  • тежеуіш дискілерін тегістеуге арналған токарлық станок.

Сіздің мынадай мүмкіндіктеріңіз бар:

  • кепілдік және кепілдіктен кейінгі қызметтер алу (Subaru ресми дилерлерінен анықтаңыз).
  • автокөлігіңізге арналған түпнұсқа қосалқы бөлшектер мен керек-жарақтарды сатып алу.
  • автокөлігіңізге қызмет көрсету, пайдалану және қосымша жабдықтау мәселелері бойынша кеңес алу.

МАҢЫЗДЫ!

  1. Техникалық қызмет көрсету (бұдан әрі – ТҚК) кестесінде техникалық күйін тексеру және техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды жүргізудің ең аз жиілігі көрсетілген. Сіздің аймағыңыздағы пайдалану жағдайлары негізгі техникалық қызмет көрсету кестесін өзгертуге себепші болуы мүмкін, сондықтан Subaru дилерінен Сіздің көлігіңізге арналған техникалық қызмет көрсету кестесін нақтылап тексеріңіз.
  2. Алғашқы техникалық қызмет көрсету жүріп өткен жол 5000 км-ден аспайтын кезде немесе автокөлікті тіркеу күнінен бастап 3 ай (3,0 және 3,6 л қозғалтқышы бар модельдер үшін, сәйкесінше 1600 км-ден аспайтын немесе 1 айдан аспайтын) мерзімде, қайсысының бұрын орын алуына байланысты жүргізілуі керек.
  3. Әрбір кейінгі техникалық қызмет көрсету 15000 км жүріп өткен жолдан бастап немесе автокөлік тіркелген күннен 12 айдан бастап (қайсысы ерте орын алатынына байланысты) техникалық қызмет көрсетуден өтудің берілген кестесіне сәйкес жүргізіледі.
  4. Әрбір кезекті техникалық қызмет көрсету автокөлік техникалық қызмет көрсету кестесінде белгіленген жүріп өткен жолы бойынша (±500 км.) немесе айлармен есептелетін автокөлік тіркелген күннен бастап есептелетін кезеңге (±1 ай)
  5. жеткен кезде жүргізіледі.
  6. Қазақстанда ұсынылатын сервисаралық аралық ауыр пайдалану жағдайларына байланысты 10 мың км жүріп өткен жолды құрайды.
  7. ТҚ-1000/1 тізіміне кіретін жұмыстар автокөлік иесі үшін Тегін жүргізіледі

Техникалық қызмет көрсету кестесімен Сіз төменде таныса аласыз

icon icon icon icon icon