Сервистік науқандар
Қызметтік науқан | Сипаттама |
---|---|
SRT324 – бұл 2015 және 2018 жылдары шығарылған OUTBACK және XV модельдік автокөліктерінің тұрақ тежегіші функциясының өшірілу ықтималдылығы. |
Subaru автокөлігін таңдағаныңыз үшін Сізге алғыс білдіреміз. Subaru автокөліктерін өндірушінің жұмысындағы басты мақсаттардың бірі, ол - Сіздің қауіпсіздігіңіз. Осы мақсатқа жету үшін, өндіруші әрдайым жаңа автокөліктер мен олардың элементтеріне, сондай-ақ қолданыстағы автокөліктер мен олардың элементтеріне зерттеу жұмыстарын жүргізіп отырады. Осындай бір зерттеудің нәтижелерінің арқасында, өндіруші 2015-2018 жылдары шығарылғын Legacy, Outback, XV модельдік автокөліктеріне сервистік науқан жариялау туралы шешім қабылдады. Бұл науқанды жариялауға басты себеп болып, кейбір автокөліктерде белгілі бір жағдайларда EPB сигнал шамының жануы, EPB іске қосылмауы немесе ағытпа бекіткіші сынған жағдайда EPB адаптерінің ағытпасының ажыратылуына байланысты өшіріле алмауы негізге алынды. Өзіңізге ыңғайлы Subaru-дың кез келген ресми дилеріне хабарласып, қажетті жұмыстардың жүргізілуіне жазылуыңызды сұраймыз. Жұмыстарды жүргізу уақыты 0,5 сағатты құрайды, алайда бұл уақытқа автокөлікті қабылдау, жуу, қайтып беру уақыты немесе жұмыс кезіндегі жоспарланбаған жұмыстар кірмейді. Автокөліктің сервистік аймақта болатын толық уақытын Subaru-дың ресми дилерімен келісуіңізді сұраймыз. Осы науқан аясындағы барлық жұмыс тегін жүргізіледі. Егер осы хабарламада аталып өткен модельдегі автокөлікті сатып жіберсеңіз, осы науқанға ілінетіні туралы хабарлау үшін жаңа көлік иесінің байланыс номерлерін беруіңізді сұраймыз. Автокөлігіңіз осы науқанға қатыса алатынын немесе қатыса алмайтынын білу үшін, «VIN-кодты тексеру» бөліміне жүгіне аласыз. |
OUTBACK 21MY автокөліктерінде Eye Sight жүйесі БҚ-ды SRT315 қайта бағдарламалау |
Subaru көлігін таңдағаныңыз үшін рахмет. Сіздің қауіпсіздігіңіз - Subaru автокөлігін өндірушісі жұмысының басты басымдықтарының бірі. Сондықтан өндіруші жаңа автокөліктер мен олардың элементтерін де, жұмыс істеп тұрған автокөліктерді де зерттейді. Осындай зерттеулердің бірінің нәтижелерін алғаннан кейін өндіруші Сіздің көлігіңізге кері қайтару науқанын жариялау туралы шешім қабылдады. Бұл науқанды жариялаудың себебі белгілі бір жағдайларда кейбір OUTBACK 21 модельдік автокөліктерінде апатқа дейінгі тежеу функциясы қате іске қосылып кетуі мүмкін екендігінде болды. Бұл қозғалыс кезінде автокөліктің күрт тежелуіне әкелуі мүмкін, бұл жол-көлік оқиғасына әкеліп соқтыруы мүмкін. Жоғарыда сипатталған оқиғаның ықтималдығын болдырмау үшін Еyesight жүйесінің стерео камерасының бағдарламалық жасақтамасын тексеру және қажет болған жағдайда жаңарту қажет. Өте сирек жағдайларда стерео камераны ауыстыру қажет болуы мүмкін. Біз Сіздің өзіңізге ыңғайлы кез-келген Subaru ресми дилерімен байланысуыңызды және қажетті жұмыстарды орындауға жазылуыңызды сұраймыз. Жұмыстарды орындау уақыты 15 минуттан 3,5 сағатқа дейінгі уақытты құрайды (тексеру нәтижесіне және қайта бағдарламалау әрекеттерінің табыстылығына байланысты), алайда, бұл уақытқа қабылдау, жуу, көлікті беру уақыты, жұмыс процесіндегі туындаған күтпеген қиындықтар кірмейді. Қызмет көрсету аймағында көліктің болуының толық уақытын Subaru ресми дилерімен келісіңіз. Осы науқан шеңберіндегі барлық жұмыстар тегін орындалады. Егер Сіз осы хабарламада айтылған автокөлікті басқаға сатқан болсаңыз, осы науқанның жұмыс істейтіні туралы хабарлау үшін бізге жаңа иесінің байланыс анықтамаларын беруіңізді сұраймыз. Сізге тиесілі көліктің осы науқанмен қамтылуға жататыны туралы, сұрау жіберу арқылы біздің сайтымыздан білуге болады. |
SRT303 Кондиционер радиаторын тексеру. Subaru Forester 2016-2018 MY (2015 жылдан 2018 жылға дейінгі аралықта шығарылған). |
Бұл қызмет көрсету науқанын жариялаудың себебі кондициялау жүйесінің конденсаторының ашылуы және одан салқындатқыштың ағып кетуі болды. Бұл кондиционер қосылған салонда суықтың болмауы ретінде көрінуі мүмкін. Ықтимал ақаулықты болдырмау үшін автокөлікте орнатылған кондициялау жүйесінің каталогтық нөмірін тексеру, және қажет болған жағдайда, оны жаңа, жетілдірілген түріне ауыстыру қажет. |
SRT309 сервистік науқаны |
Зерттеулердің бірінің нәтижесі бойынша өндіруші 2019-2020 модельдік жылдардағы (2018 жылдан 2020 жылға дейін шығарылған) кейбір Forester және 2018-2019 модельдік жылдардағы (2017 жылдан 2019 жылға дейін шығарылған) Subaru XV автокөліктеріне арналған сервистік науқанды жариялау шешімін қабылдады. Бұл кері қайтару науқаны оталдыру жүйесі шарғыларының ықтимал ақаулығына байланысты жарияланады. Бұл іштен жану қозғалтқышының тұрақсыз жұмысы, аспаптар тақтасында «Check Engine» («Қозғалтқышты тексер») шамының қосылуы, ең арысы, қозғалыс кезінде қозғалтқыштың сөніп қалып, оны оталдыру мүмкін болмай қалуы секілді белгілерден көрінеді. Ықтимал ақаулықтың алдын алу үшін оталдыру жүйесінің барлық 4 шарғысын жаңаларына ауыстыру керек, сонымен қатар басқа бөлшектерді ауыстыру қажеттілігін тексеру керек. |
Көлемі 2,0 л DIT турбиналы қозғалтқышы бар SUBARU Forester 2013-2014 МГ автокөліктеріне арналған сервистік науқан |
2013-2014 модельдік жылдарда шығарылған, жұмыс көлемі 2,0 л. DIT турбиналы қозғалтқышы бар Subaru Forester модельдегі автокөлік иелерінің назарына. Сіздерді SUBARU автокөлігінің Өндірушісі өнімнің сапасын жақсарту бойынша жүргізілген тұрақты қызмет аясында, қозғалтқышты суықтай бастапқы іске қосу кезінде кішкене діріл түрінде жағымсыз сезімдердің пайда болу ықтималдығы бар екенін анықтағаны туралы хабардар етеміз. Осыған байланысты, көлік иелерінің SUBARU-дың жақын маңдағы ресми Дилеріне хабарласуын сұраймыз. |
Әйнектазалағыштың электр қозғалтқышының қақпағын ауыстыру |
04.11.2009-17.05.2011жж. аралығында өндірілген SUBARU Legacy/Outback 10-11МГ автокөліктерінің иелері, ең жақын SUBARU ресми дилерімен байланысып, өз көлігіңіздің VIN-кодын хабарлауыңыз керек. Осыдан кейін, дилер Сіздің автокөлігіңіздің осы науқанға кіретінін тексереді және қажет болған жағдайда электр қозғалтқышының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін әйнек тазалағыштың электр қозғалтқышының қақпағын жаңартылған (саңылауы кеңейтілген) түріне ауыстыруға шақырады. |
Капот құлпының дұрыс жұмыс істемеуі |
Бұл науқан ықтималдығы төмен болса да, капот құлпы элементтерінің қышқылдануы салдарынан оның дұрыс жұмыс істемей қалу мүмкіндігіне байланысты жарияланды. Бұл ең арысы автокөлік қозғалысы кезінде капоттың ашылып кетуіне әкеп соғуы мүмкін. Капот құлпының дұрыс жұмыс істемеуін болдырмау үшін көрсетілген автокөліктердің иелерінен кез келген өздеріне ыңғайлы ресми дилермен байланысуларын сұраймыз. |
Әйнектазалағыштың электр қозғалтқышының релесіндегі контактілерді ауыстыру |
Бұл науқан бөгде бөлшектердің кіруіне байланысты әйнектазалағыштың электр қозғалтқышының релесінде дұрыс түйіспеудің пайда болу ықтималдығын анықтауға байланысты жарияланды. Бұл құбылыс ең арысы әйнектазалағыштың электр қозғалтқышының қақпағының балқып кетуіне әкелуі мүмкін. Өндіруші осы мәселені шешу үшін релесі бар әйнектазалағыш электр қозғалтқышының модификацияланған қақпақтарын әзірледі. |
EPB блогын қайта бағдарламалау |
Қызмет көрсету науқаны электрондық тұрақ тежегіші жүйесінің басқару блогының бағдарламалық жасақтамасымен байланысты. Жүйе жұмысының қазіргі алгоритмі белгілі бір жағдайларда автокөлікті электронды тұрақ те |
Релені модификацияланған релеге ауыстыру |
Бұл науқан қоршаған ауаның температурасы төмен болған кезде, реле контактілерінде мұздың пайда болу мүмкіндігін анықтауға байланысты жарияланды. Мұз реленің дұрыс түйісуіне кедергі келтіруі мүмкін. Бұл құбылыс қоршаған ауаның температурасы төмен болған кезде, іштен жану қозғалтқышын оталдыру мүмкін болмай қалуына әкелуі мүмкін. Өндіруші модификацияланған релелер әзірледі. |
Srt270 стоп-сигнал датчигі |
Бұл науқан стоп-сигналдардың соңғы қосқышындағы байланыстың жоғалу ықтималдығына байланысты жарияланды. Бұл тежеуіш педалін басқан кезде стоп-сигналдардың қосылмауына әкеп соғуы мүмкін. |
SRT284 ECM блогын қайта бағдарламалау |
Бұл сервистік науқан оталдыру шарғысында қысқа тұйықталудың пайда болу ықтималдығына байланысты жарияланды, бұл тоқтағаннан кейін қозғалтқышты оталдыру мүмкін болмауына әкеп соғуы мүмкін. |
SRT283 Тежеуіш құбыршектерін ауыстыру |
Бұл сервистік науқан тежеуіш құбыршектерінің ісіну ықтималдығына байланысты жарияланды. Бұл мәселе автокөлікті пайдалану қауіпсіздігімен байланысты емес, ісінуге қарамаст? |
SRT282 Рециркуляция жүйесінің PCV клапанын ауыстыру |
Бұл қызмет көрсету науқанын жариялаудың себебі картердің желдету жүйесінің клапанының бұзылуы болды. Клапанның бұзылуының салдары газ шығаратын түтіктен шығатын түтіннің пайда болуы болуы мүмкін. Бұл мәселе автокөліктің қауіпсіздігіне байланысты емес, дегенмен автокөлікте орнатылған клапанның түрін тексеру және, қажет болса оны ауыстыру қажет. Сирек жағдайларда қосымша жұмыстар жүргізу қажет болуы мүмкін. |
2013-2016 модельдік жылдардағы (2012 жылдан 2016 жылға дейін шығарылған) Forester автокөліктеріне арналған сервистік науқан |
Бұл сервистік науқан артқы амортизатордың серіппесінде жарықтардың п? |
2019 модельдік жылғы (2018 жылдан 2019 жылға дейін шығарылған) Forester автокөліктеріне арналған сервистік науқан |
Бұл кері қайтарылмалы науқанды жариялаудың себебі картерлік газдардың (PCV клапанының) желдету клапанының бұзылуы болды. PCV клапанының корпусын шырайналдыру нәтижесінде бұзылу пайда болуы мүмкін. Клапанның бұзылуы майдың қозғалтқыш цилиндрлеріне енуіне және оның тез жануына әкелуі мүмкін. Бұл газ шығаратын түтіктен шыққан түтіннің көп мөлшері ретінде көрінуі мүмкін. Егер бұл ретте қозғалтқышты дер кезінде сөндірмесе, майдың болмауы қозғалтқыштың істен шығуына әкеледі. |
Артқы есіктің электр жетегінің ЭББ-н модификацияланған түріне ауыстыру бойынша SRT301. 2019 модельдік жылғы Forester (2018 жылдан 2019 жылға дейін шығарылған) |
Бұл кері қайтару науқаны жүксалғыштың қақпағын қашықтан басқару пультінің көмегімен ашқан кездегі ықтимал қиындықтарға байланысты жарияланды. |
SRT307 сервистік науқаны |
Бұл кері қайтару науқаны көлденең тұрақтылықтың артқы тұрақтандырғышының кронштей |
Алдыңғы жолаушыға арналған TAKATA қауіпсіздік жастықтары бойынша сервистік науқан |
Сіздің қауіпсіздігіңіз – Subaru автокөліктері өндірушісінің жұмысының негізгі басымдықтарының бірі. Сондықтан өндіруші жаңа автокөліктер мен олардың элементтер |