Бізге жазыңыз
10 маусым 2021

National Geographic Qazaqstan толық жетекті экспедициясы.

7 маусымда Шымкент қаласында «National Geographic Qazaqstan» журналының редакциясының Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырған «Шымкент ажары» экспедициясы басталды.

Экспедицияның негізгі мақсаты – Шымкент қаласының дамуын көрсетуге – тамаша қаланың сәулеті мен ландшафтын, оның тұрғындарының тұрмысы мен дәстүрлерін әлемдік аудиторияға жеткізуге арналған ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына материал дайындау.

Экспедицияға қатысу үшін National Geographic арнасының атақты фотографы Герд Людвиг (@gerdludwig) шақырылды. Экспедиция құрамына отандық фотографтар мен «National Geographic Qazaqstan» журналы редакциясының мамандары кірді.

Ал экспедицияның серіктесі Астана Моторс ұсынған Subaru Forester Sport толық жетекті кроссоверімен арнайы әзірленген бағдардың уақытылы өтілуіне толық сенімділік бар.

icon icon icon icon icon