Бізге жазыңыз
03 қыркүйек 2021

Subaru Boxer қозғалтқышына 55 жыл

Жапон қозғалтқыштарының сенімділігі туралы аңыздар көптеген жылдар бұрын пайда болды. 2021 жылы Subaru Boxer қозғалтқышына 55 жыл болды. Осы жылдар ішінде Subaru Corporation инженерлері механизмдер мен құрылғыларды өзгертті, бірақ негізгі артықшылықтарын: технологиялылығын және жоғары тиімділігін сақтап қалды.
Subaru Boxer көлденең оппозициялық қозғалтқышы Subaru Corporation автоконцернінің негізгі техникалық белгілерінің бірі болып табылады және ол келесі артықшылықтарға ие:

  • қозғалтқыштың ең массивті бөлігі барынша төмен орналасқан, бұл қозғалыс кезінде автокөліктің тұрақтылығына және жақсы жұмыс істеуне кепілдік береді;
  • мұндай қозғалтқыштың конструкциясы пассивті қауіпсіздікті қамтамасыз етеді – бетпе-бет соқтығысу жағдайында қозғалтқыш көліктің астына қарай ауысады;
  • цилиндрлер көлденең орналасқан, цилиндрлердің ішіндегі поршеньдер бір-біріне қарай жылжиды, соның арқасында олар тербелістерді өзара бейтараптайды;
  • қозғалтқышқа дірілді сөндіру үшін қосымша жабдық қажет емес, нәтижесінде отын аз жұмсалады және жауаптылық жақсарады;
  • қозғалтқыш ресурсы цилиндр блогының жоғары беріктігі мен қаттылығына байланысты артады.

Осы ерекшеліктердің барлығы автокөлікті басқаруды және қызмет көрсетуді ыңғайлы етіп, Subaru Corporation қоятын қауіпсіздік талаптарына жауап береді.

icon icon icon icon icon